Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Өзбекстанның Ұлттық кино өнері сарайында Қазақстан киносының күндері өтті, деп хабарлайды Astana TV.
Бағдарлама аясында «Қайтадан», «Ерекше», «Моя большая казахская семья», «Жабайы», «Алтын адам» және «Әміре» фильмдері көрсетілді.
Іс-шараға Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің, «Қазақфильм» киностудиясының, Kinopark Theatres, Tiger Films және Dala Edge компанияларының өкілдері, сондай-ақ екі елдің кино саласының мамандары қатысты.
Спорт пен адамның ерік-жігерін арқау еткен «Ерекше» фильмінің көрсетіліміне Өзбекстанның бочча командасының өкілдері мен Ташкенттегі спорт мектебінің оқушылары қатысты.
Қазақстан мен Өзбекстан кинематографистері ұлттық киноны дамыту және бірлесіп фильм түсіру мүмкіндіктерін талқылады.
Қазақстан киносының күндері мәдени алмасуға, шығармашылық байланыстарды нығайтуға және отандық киноны шетелде насихаттауға мүмкіндік берді.