Құтқарушылар тауда аяғын қайырып алған қызға көмек көрсетті

Фото: ТЖМ

Құтқарушылар Алматы тауларында аяғын жарақаттап алған қызға көмек көрсетті, деп хабарлайды Astana TV.

Алматы қаласы Бостандық ауданында Жапон жолы маңындағы таулы аймақта демалып жүрген 2004 жылы туған қыз аяғын жарақаттап алып, өздігінен төмен түсе алмаған.

Оқиға орнына Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары келіп, қажетті көмек көрсетті. Олар зардап шеккен қызды «Эдельвейс» туристік базасына дейін жеткізіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.