Қыстаудан жаяу шыққан ер адам жоғалып кетті

Фото: NUR KZ

ТЖМ құтқарушылары адасып кеткен ер адамды тапты

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында құтқарушылар жоғалып кеткен ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Astana TV.

Белгілі болғандай, 1982 жылы туған ер адам күрдіз қыстаудан Балқаш қаласына қарай жаяу шығып, жолда бағдарынан адасып кеткен.

Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жоғалған азаматпен байланысқа шығып, одан өзінің нақты орналасқан жерінің геолокациясын алды. Құтқарушылар көрсетілген координаттар бойынша орналасқан жерін анықтап, «Ақбұзат» қыстауынан солтүстікке қарай 10 шақырым жерден ер адамды тапты.

Ер адам Балқаш қаласына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.