Құтқарушылар газбаллон жабдығымен жабдықталған автокөліктегі өртті сөндірді
Өскемен қаласында Қаныш Сәтбаев даңғылы бойында газбаллон қондырғысымен жабдықталған автокөлік өртенді, деп хабарлайды Astana TV.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері өртті 10 шаршы метр аумақта жедел сөндірді.
ТЖМ ескертеді: автокөлікті, оның ішінде газбаллон жабдығымен жабдықталған көліктерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыздар.
Өрт анықталған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыздар.