Спортшы 61,03 ұпай жинады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Эверетт қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының кезеңінде қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті, деп хабарлайды Astana TV.
Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы төрешілерден 61,03 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орынға жайғасты.
Жарыс көшін 82,20 ұпай жинаған жапониялық Ами Накаи бастап тұр. Екінші орында бейтарап мәртебеде өнер көрсетіп жүрген ресейлік Александра Игнатова (74,24). Үздік үштікті оңтүстіккореялық Ким Ю Чжэ (73,92) түйіндеді.
Еркін бағдарлама 16 қарашаға қараған түні өтеді.