Қазақстан ТЖМ қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионатының жеңімпаздары атанды

Фото: ТЖМ

Таиландтың Паттайя қаласында қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионаты аяқталды

Жарысқа 23 елден 240 спортшы қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте І орын иеленді, деп хабарлайды Astana TV.

Ұлттық құрама сапында ҚР ТЖМ BATYR TEAM спорт клубының өкілдері жоғары нәтиже көрсетіп, Азия чемпиондары атанды.

Абдрашит Таиров — «Резерв» РМК филиалының өкілі, 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті;

Арман Төлебай — Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанты, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Бұл жеңіс — Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің халықаралық аренадағы жоғары дайындық деңгейі мен спорттық шеберлігінің айқын дәлелі.