Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында 13 және 14 қараша күндері үш жұп егіз өмірге келді
Осылайша, екі күнде алты сәби дүниеге есік ашты. Нәрестелердің арасында екі ұл-қыз егіз және бір ұлдар жұбы бар, деп Astana TV тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өңірлік Қоғамдық коммуникациялар орталығының мәліметінше, алғашқы егіздер 13 қарашада туған. Сағат 14:00-де салмағы 2740 грамм, бойы 51 сантиметр ұл бала дүниеге келді. Арада тоғыз минут өткенде салмағы 2830 грамм, бойы 52 сантиметр қыз бала туған.
Сол күні сағат 17:16-да және 17:33-те тағы екі ұл бала өмірге келді. Бірінің салмағы 2430 грамм болса, екіншісі 2290 грамм болған. Екеуінің де бойы 46 сантиметр.
Ал 14 қарашада тағы бір жұп егіз дүниеге келді. Сағат 11:58-де салмағы 3080 грамм, бойы 51 сантиметр ұл бала туса, сағат 12:15-те салмағы 2960 грамм, бойы 52 сантиметр қыз бала туған.
Әзірге барлық сәбидің есімі белгілі емес. Ал егіздердің бірінің ата-анасы ұлына Ануар, қызына Ақнұр деп ат қойған.