Атырауда ТЖМ қызметкерлері ер адамды құтқарып қалды
Атырау қаласындағы Әлиев көпірі маңында ер адамның Жайық өзеніне секіргені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Astana TV.
ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Құтқарушылар жүзу құралының көмегімен зардап шеккен азаматқа жетіп, оны судан шығарып, жағаға жеткізді. Кейін ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
ТЖМ ескертеді: өз өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтаңыз, қауіп-қатерге бармаңыз. Төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.