Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы тағайындалды

Ақорда

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ауысты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Astana TV.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылған болатын.