Отандастарымыз бір алтын, екі күміс медаль иеленді

ҰОК

Загребте (Хорватия) дзюдодан Гран-при турнирі аяқталды

Аталған додада ұлттық құрама бір алтын, екі күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Astana TV.

Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Ал Ғалия Тынбаева (48 келі) және Аман Бақытжан (60 келі) жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Сондай-ақ Эсмигүл Куюлова (63 келі) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) жүлдеге бір қадам жетпей, жарысты бесінші орында аяқтады.