Маңғыстау облысындағы өнеркәсіптік аймақта өрт шығып, қоймалар мен жүк көліктері отқа оранды, деп хабарлайды Astana TV.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңаөзеннің солтүстік өнеркәсіптік аймағында бір-бірінен бөлек орналасқан үш қойма ғимаратынан, екі жүк көлігінен және дизель отынынан өрт шыққан.
Өрт толық сөндірілген.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.