Үйге басып кіріп өлтіріп кетті: Ақтөбеде жеке үйден мәйіт табылды

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2026

Ақтөбеде тағы бір адам қанды қылмыстың құрбаны болды. Жеке тұрғын үйден 49 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оның денесінде оқ жарақаттары бар. Алдын ала мәлімет бойынша, бетперде киген белгісіз біреу үйге басып кіріп, ақша мен бағалы заттарды, тіпті автокөлікті алып кеткен.  Қазір күдікті іздестіріліп жатыр.  Қылмыстық іс қозғалды.