Ақмола облысында трактор аударылып, жүргізуші астында қалды. Көп тонналы техникаға жаншылған ер адам тіл тартпай кетті. Полиция қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, тергеу басталды. Ал облыстық еңбек инспекциясы департаментіне жұмыс беруші жазатайым жағдай туралы хабарламаған. .Енді оған қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.