«Күштік құрылым қызметкерлері қателік жіберді»: Ақорда ҰҚК басшысының неліктен ауысқанын хабарлады

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2026

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметтен кетті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатқан.  Мұндай шешімнің қабылдануына жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен лауазымды тұлғалардың ұсталуы да әсер еткен. Мемлекет басшысының пікірінше, күштік құрылым қызметкерлері қателіктер жіберген.  Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы хабарлады. Сондай-ақ, Айбек Смадияров Тоқаевтың «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларына қатысты жүргізіліп жатқан тергеу амалдарынан әуел бастан хабардар болғанын айтты.