Жауаптылар жыл сайын уәде береді

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2026

Ақтөбеде тұрғындар он жылдан бері төбесінен су сорғалаған үйде тұруға мәжбүр. Жаңбыр жауса да, қар ерісе де, бесінші қабаттан төмен қарай су кетеді. Салдарынан пәтерлер бүлініп, электр сымдары ылғалданған.  Жұрттың айтуынша, бұл мәселені шешуге жауаптылар жыл сайын уәде береді. Бірақ жөндеу жұмыстары әлі басталар емес дейді.  


Жаңбыр жауса,бесінші қабаттың  тұрғындары шелек -құты ыдыстарын дайындайды. Өйткені шатырдан аққан су пәтерлерге жеткен. Қабырғадағы тұсқағаздар сыпырылып, төбенің сылағы түсіп жатыр. 

ЗЕЙНЕГҮЛ СЕЙІТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Электричество жағынан замыкание болуы мүмкін. Ана кішкентай балдар бар, 5-этажда бізде. 5-6 баласы бар адам бар. Айтады: мен қорқамын деп. 1 жеті отырды светсіз, ана балдарынан қорқып. Бір жерден тоқ ұрса өлім болып қалуы мүмкін ғой».

ГҮЛБАНУ КЕЛІМБЕРДИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Подъездің бәрі суланады. Үйдің іші суланады. Залдың бәрі, обойы бәрі түсіп қалады. Жылда ремонттайсың, ремонттауға келмейді енді. +Прихожкіде тоқтарым атылды былтыр. Электрик жалдайсың 15000 ға»

Тұрғындарды қазір бүлінген мүлік емес, адам өміріне төнген қауіп алаңдатып отыр.  Әкімшілік оларға  жөндеу былтыр жасалады деген. Кейін мерзім 2026 жылдың қыркүйегіне ауыстырылыпты. Енді уәде келер жылдың көктеміне қалуы мүмкін. Өйткені қаражат желтоқсан айында ғана бөлінеді. 

АҚНҰР ҚАЗБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

«Қазіргі таңда уже, желтоқсан айында қаржының бөлінуін күтіп отырмыз. }Содан кейін жұмыстар басталады.+Жұмыстың күрделігіне байланысты қараймыз, мүмкін оны жаңағы көктем айына да бастауына да мүмкіншілік бар.»

Ақтөбе бүгін де жаңбырлы, шатырдан су ағып тұр. Ал тұрғындар қайғылы жағдайды күтпей,  биылдан қалдырмай оны жөндеуді сұрап отыр.