Қызылордада шалғай ауылдарға табиғи газ құбыры тартылды

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2026

Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы бірнеше ауылдың тұрғындары көгілдір отынды тұтына бастады. Өңірде соңғы жылдары инфраструктуралық жобалар қарқын алып, газдандыру деңгейі 83 пайызға жеткен. Биыл жыл соңына дейін тағы 10 елдімекенді газдандыру жоспарланған. Сондай-ақ «ҚазақГазАймақ» компаниясының инвестициялық бағдарламасы аясында қосымша 6 ауылға газ тартылмақ.  . 

МЕДЕУБАЙ ҚОЖАС,  АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Негізі осы кезге дейін біз көмір жағып, күл шығарып отырған халықпыз. Мына газ келгеніне қуанып отырғанымыз сол. Бір бейнеттен құтылып жатыр. Келіндеріміз, апаларымыз, қыздарымыз жеңілдік көріп жатыр. Газдың келгеніне қуанышты болып жатырмыз. Басқа да мекемелер газбен жылытылайын деп жатыр.