Павлодарда 1200 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2026

Павлодарда  1200 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын.  Білім ордасы келер жылдың басында қолданысқа берілмек.   Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.   Құрылысы осы жылдың сәуір айында басталған болатын. Қысқа мерзімде салынған мектеп қаладағы  тығыз орналасқан 4 мектептің жүктемесін азайтады - деп жоспарланып отыр.   Қазірдің өзінде Усколка шағын ауданында тұратын ата-аналардан 700 өтініш түскен.    

НҰРАЙЫМ ҰЗАҚБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

 Жаңа мектепте заманға сай оқу кабинеттері, жаңа технологиямен жабдықталған зертханалар, арнайы бөлмелер, қысқасы оқуға қажеттінің барлығы қарастырылған. Бұл оқушылардың тек білім  алып қоймай, жаңа дағдыларды үйренуіне жол ашады.