«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі: сауда саласындағы өзекті мәселелер бойынша жүйелі диалог басталды

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2026

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесінде кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдері азық-түлік салығын азайту, цифрлық таңбалауды кейінге шегеру және отандық өнімнің саудадағы үлесін арттыру мәселелерін талқылады.  Бизнес өкілдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке салынатын Қосымша Құн Салығының мөлшерлемесін 16-дан 10 пайызға дейін төмендетуді ұсынып отыр. Сондай-ақ киім-кешекті цифрлық таңбалауға дайындалу үшін қосымша уақыт сұрады. Кездесуде министрлік бұл ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін жеткізді. Ал отандық тауарлардың сауда сөрелеріндегі үлесін арттыру бойынша жұмыс жалғасады. 

ЭЛЬДАР ЖҰМАҒАЗИЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Маркировкіге байланысты көптен келе жатқан сұрақ. Бұл енді жалпы контрафакті, көлеңкелі импорттың жолын кесуге байланысты шаралар. Отандық қазіргі өнім өндіріп жатқан компанияларға бұл маркировканың керектігі айтылды. Енді тек импортпен айналысатын компаниялар айтып жатыр, бұл бізге салмақ деп жатыр, қосымша. Бірінші желтоқсаннан бастап, жеңіл өнеркәсіп тауарларына маркировка басталу керек еді. Осы сұрақты шешім қабылдауымыз керек.