Энергия тапшылығының алдын алу үшін атом электр станциялары қажет

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2026

Алматыда энергетика және коммуналдық қызмет өкілдерімен арнайы жиын өтті. Басқосуда саладағы өзекті мәселелер мен инфрақұрылымды жаңғырту жайы талқыланды. Сондай-ақ болашақта туындауы мүмкін энергия тапшылығының алдын алу және атом электр станцияларын салу мәселесіне назар аударылды. 

АЙНҰР МҰҚАЖАНОВА,  АЛМАТЫ БИЗНЕС-КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 Келер жылдан бастап атом электр станцияларын жобалау және салу жұмыстары басталады деп жоспарлануда. Болашақта электр энергиясын тұтыну көлемі арта түсетіні белгілі. Себебі қазір электр көліктеріне көшу үдерісі де қарқын алып келеді. Осындай жағдайда энергия тапшылығының алдын алу үшін атом электр станциялары қажет.

 Ұлытау облысында «KazTransOil» акционерлік қоғамының Жезқазған мұнай құбыры басқармасы ұжымымен өткен жиында өңірдегі құрылыс қарқыны, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жайы сөз болды. Өңірде 30-ға жуық нысанды жетілдіру жұмыстары қолға алынған.  Жезқазғанда 800 орындық Конгресс-орталық, теннис орталығы мен жаңа стадион құрылысы жоспарланып отыр. {КСМ 2 }   Ал Ақтауда партия өкілдері «Каскор-Транссервис» қызметкерлерімен жүздесті. Кәсіпорын теміржол саласында жүздеген жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушыға қызмет көрсетіп, облыстың өндірістік инфрақұрылымында маңызды рөл атқарып келеді. 

АБЗАЛ МАРАТ,  «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің тұрғындар жолдаудағы негізгі көтерілген бағыттар ол халықтық құрылыс, ол салық режимы және әлеуметтік қолдау бағытындағы өзгерістерді қолдайтындығын жеткізді. Оның ішінде Ақтау қаласындағы балалар ауруханасының және оналту орталықтардың құрылысын біздің тұрғындар дәл уақытындағы құрылыс деп біліп отыр.