Алматыда автокөлік өрт сөндіру көлігімен соқтығысып, бір адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндіру көлігі жарық пен дабылын қосып, шақырту бойынша бара жатқан. Қатты соққыдан өрт сөндіру көлігі жеңіл мәшинені бірнеше метр сүйреп, екі көлік те жолдан шығып, арық маңына тоқтаған. Toyota Camry жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Полиция қылмыстық іс қозғап, апаттың мән-жайын анықтап жатыр.