Әкімдік қызметкері сірке суын ішіп, қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2026

Қызылжар өңірінде әкімдік қызметкері сірке суын ішіп, қайтыс болды.  Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағы тұрғыны улы затты тұтынып, ауруханаға түсті. Ішкі құрылысы күйген науқас екі апта бойы медициналық мекемеде дәрігерлердің қарауында болған.  Алайда, жағдайы тым ауыр болғандықтан, ақхалаттылар оның өмірін қорғай алмады. Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр.