Атырауда бір жарым жастағы сәби аурухана төсегінде шетінеді. Бала алдымен қызу, жөтел, ентігу белгілерімен Жылыой аудандық ауруханасына түскен. Ақ халаттылардың екі апта бойғы емі нәтиже бермеген. Содан соң облыс орталығынан санитарлық авиация шақыртыпты. Алайда бөбектің денсаулығы жақсармады.
НҰРБЕК ҮКІБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Негізгі диагнозы жедел өкпенің екі жақты қабынуы, тыныс жетіспеушілігі, сепсис, септицемия жағдайында. Және бәсекелес диагнозы бар баланың, бұл қызылша жағдайы ауыр. Ағымдағы және қосалқы диагноздары бар баланың туа біткен жүрек ақауы, цитомегалы вирусты инфекция диагнозымен. Түскеннен кейінгі тиісті протоколға сәйкес консилиум жасалды. Тиісті ем шаралар ұйымдастырылды.