Қызылжарда цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Қызылжарда цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Мемлекеттік мекеме түгелдей жаңа технологиямен жабдықталған.  Тұрғындар арнайы құрылғының көмегімен жеке куәлік, паспорт және тағы басқа құжаттарды ауыстыра алады. Сондай-ақ, жасанды интеллекті арқылы өзіне қажетті ақпаратқа сұраныс береді. Мұнда бизнес өкілдері үшін де барлық жағдай жасалған. Кәсіпкерлер кеңесшілердің көмегіне жүгініп, сан түрлі сертификаттар мен анықтамаларға электронды түрде тапсырыс береді. 

РУСЛАН ӘЛІШЕВ, СҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Президент цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу ел дамуының негізгі бағыттарының бірі ретінде атады. Бұл ретте біз премьер-министрдің тікелей тапсырмасына сәйкес осындай IT-кеңсені ашуды жөн көрдік. Біздің басты мақсатымыз - цифрлық жүйе мен жасанды интеллектіні қарапайым халыққа қол жетімді ету. Жұрт бұл жаңашылдықты жылы қабылдады. Тұрғындар лек-легімен келіп жатыр. Енді мұндай цифрлық қызмет көрсету орталықтарын аудан орталықтары мен ауылдарда ашамыз.