Кәсіпқой боксшылар Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін. Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы осындай бастама көтеріп отыр. Ұсыныс таяуда Манчестерде өтетін жиында қаралуы тиіс. Егер қабылданса, кәсіпқой былғары қолғап шеберлері 4 жылда бір өтетін сайыста бағын сынауға құқылы болмақ.
Тек өзіндік шарттармен. Мәселен, олимпиада ойынына қатысуға ниетті боксшы "гонорары төленген 15 жекпе-жекті" өткерген болуы тиіс. Бірақ сарапшылар ұсыныстың Риодағы ойындарға дейін қабылданарына күдікпен қарайды. Себебі оны талқылау ұзаққа созылуы мүмкін.
Құралай ПИОНЕР