Бестөбе шахтасындағы қайғылы оқиға: заңсыз алтын іздеген адам қаза тапты

Depositphotos.сom

Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі шахтада заңсыз алтын іздеген адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, кен орнында тас опырылып, ер адам үйінді астында қалған, деп хабарлайды Astana TV.

Қайғылы оқиға туралы Ақмола облыстық Полиция департаменті хабарлады. Полицияның мәліметінше, азамат шахта аумағына заңсыз кіріп, алтын іздеген. Алайда кен орнында тас құлап, ол үйінді астында қалып қойған. Алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Аталған жағдайға байланысты күзетілетін нысанға заңсыз кіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.