Оралда «Әділет» партиясының бастауыш партия ұйымдары Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру жолдарын талқыға салды. Жолдаудағы әрбір бағыт өңірде нақты іске ұштасуы үшін бұл ұйымдарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Өйткені бастауыш партия ұйымдары халықпен тікелей жұмыс істейді. Ендігі міндет - Президент тапсырмасының ауыл-аудандарда орындалуын бақылап, елмен біріге қызмет ету. Сонда ғана Жолдау жүректен жүрекке жетіп, нақты нәтижеге айналады. Кездесу соңында партия мүшелері өңірде атқарылатын нақты міндеттерді айқындап, алдағы жұмыс жоспарын бекітті.
АРХАТ ИСЛАМҒАЛИ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мемлекет басшысының Жолдауы жай ғана құжат емес. Бұл халықтың тұрмысын түзейтін құжат болуы керек. Сол бағытта біздер мекемелерді, халықпен кездесулерді, тұрғындармен кездесулерді, ауылдық жерлерде, ауыл-аймақты аралап, түсіндіру жұмыстарын, талқылау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл Жолдау толыққанды жүзеге асуын қамтамасыз ету де маңызды. Себебі жай ғана айтылып, ол сол жерде қалмауы керек.