Ресейде ұшақ құлап, 17 адам қаза тапты

Фото: Mash

Ресейдің Кемерово облысына қарасты Ягуново елді мекенінің маңында Ан-12 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Astana TV.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының дерегінше, оқиға салдарынан 17 адамның өмірі қиылған. Ұшақ бортында барлығы қанша адам болғаны және зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат нақтылану үстінде.

Өңір губернаторы апат орнында жедел штаб жасақталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта төтенше жағдай аумағында құтқару жасақтары мен медицина мамандары тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Әуе кемесінің құлау себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталуда.