OpenAI моделі Apple өнімдерінен 35-ке жуық кемшілік тапты

Photo by VCG/VCG via Getty Images

Forbes басылымының хабарлауынша, жаңа GPT-6 Cyber OpenAI моделінің көмегімен Apple құрылғылары мен бағдарламалық жасақтамасынан әртүрлі дәрежедегі 35-ке жуық кемшілік анықталды. Олардың кейбіреулері қаскөйлерге зиянды сайттар арқылы iPhone пен Mac компьютерлерін толық бақылауға алуға мүмкіндік беруі ықтимал еді, деп хабарлайды Astana TV.

Зерттеуді OpenAI және киберқауіпсіздік саласына маманданған Calif компаниясы бірлесіп жүргізді. Олар бірнеше ай бойы Apple өнімдерін тексеру үшін GPT-6 Cyber моделін қолданған. Осалдықтар тек iPhone мен Mac-тен ғана емес, сонымен қатар iPad, Apple Watch, Apple TV және Vision Pro гарнитурасынан да табылды.

Бұдан басқа, зерттеушілер аталмыш модельдің көмегімен iPhone-дағы «Блоктау режимінің» (Lockdown Mode) қорғанысын айналып өте алатын эксплойт жасап шығарды. Бұл функция ықтимал кибершабуылдардың санын азайту мақсатында құрылғының мүмкіндіктерін шектейді.

Forbes мәліметінше, Calif компаниясы хабарлама алғаннан кейін Apple анықталған осалдықтардың көбін жойғанын мәлімдеді.