Канадада өткен халықаралық конференция аясында Қазақстан мен Мальдив авиация ведомстволарының басшылары кездесіп, екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейтуді келісті, деп хабарлайды Astana TV.
Нәтижесінде әуе компаниялары үшін рұқсат етілген тұрақты рейстер саны аптасына 7-ден 14-ке дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ қазақстандықтардың сүйікті демалыс орнына айналған аралдар бағыты бойынша қосымша коммерциялық мүмкіндіктер талқыланды.
Бұл өзгеріс туристер үшін рейстердің көбейіп, билет табу оңайырақ болуына жол ашады.