Месси AFA-дан өз есімін коммерциялық мақсатта пайдалануды тоқтатуды талап етті

© Marcos Brindicci/ Getty Images

Америкалық «Интер Майами» клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Аргентина футбол қауымдастығынан (AFA) өз бейнесін коммерциялық мақсатта пайдалануды тоқтатуды талап етті,  деп хабарлайды Astana TV  Marca басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, футболшының ортасы ресми хабарлама дайындау үшін адвокаттарды тартқан. Месси федерация президенті Клаудио Тапия және қазынашы Пабло Товиггиномен қарым-қатынасы нашарлаған тұста федерацияның коммерциялық жобаларында өзінің тұлғалық бейнесін пайдалануды шектемекші.

Наразылық тудырған себептердің бірі - AFA-мен ынтымақтасқан аргентиналық сыра брендінің жарнамалық науқаны. Федерация шабуылшының америкалық Michelob брендімен эксклюзивті келісімі бола тұра, Мессидің бейнесін пайдалануға рұқсат берген. Телеарна мәліметінше, футболшы бұл уағдаластық туралы білмеген, ал оның жеке демеушісі ойыншының өкілдеріне түсініктеме сұрап жүгінген.

Талап Мессидің атын, сондай-ақ табыс табу және коммерциялық жобаларды ілгерілету үшін пайдаланылатын оның қатысуымен түсірілген фото және бейнематериалдарға қатысты. Аргентиналық футболшының жақындары басшылықтың шешімдері оның халықаралық жарнамалық серіктестерімен қарым-қатынасына нұқсан келтіруі мүмкін деп алаңдайды.