Қазақстан құрамасы Еуро-2028 іріктеу жеребесінде төртінші қоржынға орналасты

фото: arena.olimpbet.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2028 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімінде 4-қоржыннан орын алды, деп хабарлайды Astana TV 

qazsporttv.kz ақпаратынша, жеребе рәсімі 6 желтоқсанда Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өтеді. Басталуы - Астана уақытымен сағат 22:00.

Іріктеу кезеңінің топтық ойындары 2027 жылғы наурызда басталып, қарашада аяқталады. Құрамалар өз тобындағы қарсыластарымен үйде және сырт алаңда кездеседі.

Топ жеңімпаздары Еуро-2028 жолдамасын тікелей иеленеді. Екінші орын алған құрамалардың бір бөлігі де финалдық кезеңге тікелей өтсе, қалғандары Ұлттар лигасының нәтижелерін ескере отырып, плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Плей-офф ойындары 2028 жылғы наурызда өтеді.

Айта кетейік, Еуро-2028 чемпионаты 2028 жылғы 9 маусым мен 9 шілде аралығында Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландияда ұйымдастырылады. Турнирге 24 құрама қатысады.