Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады?

фото: pixabay

2026 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтар басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді, деп хабарлайды Astana TV.

Биыл бұл мереке 16 желтоқсан – сәрсенбіге сәйкес келеді.

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша жылдың соңғы айында 9 демалыс күні мен 22 жұмыс күні қарастырылған.

Ал алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер үшін демалыс саны 5 күнді құрайды, ал жұмыс күндерінің саны – 26.

31 желтоқсан қазақстандықтардың көпшілігі үшін жұмыс күні. Жылдың соңғы күні бейсенбіге сәйкес келеді.