Қызылордада заңсыз кортеж ұйымдастырған 8 жүргізуші жауапқа тартылды

фото: БҚО ПД

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды Astana TV. 

Таралған бейнежазбаны зерделеу нәтижесінде заңсыз кортежге қатысқан 8 жүргізушінің жеке басы нақтыланды. Олар – 20-25 жас аралығындағы қала тұрғындары.

Тексеру барысында жүргізушілердің жолда қауіпті маневрлер жасап, өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіргені белгілі болды. Оларға маневр жасау қағидаларын бұзу, авариялық жағдай туғызу және жол қозғалысы талаптарын сақтамау деректері бойынша әкімшілік шаралар қолданылды.

Сонымен қатар сот шешімімен 3 азаматқа ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда өзара сыйластық пен жауапкершілік танытуға шақырады. Жол қауіпсіздігі – әрбір қозғалысқа қатысушының ортақ жауапкершілігі.