Ақтөбеде кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды

Фото: yandex.kz

Ақтөбеде кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Astana TV.

Облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады. 

 Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері кәсіпкерді өлтірді деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Қазақстан Республикасының азаматы, Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Қылмысты ашу мақсатында Ақтөбеге ІІМ орталық аппаратының тәжірибелі жедел қызметкерлері жіберілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ІІМ бақылауында, — делінген ресми хабарламада.