Алматыда жасөспірімдердің түнгі уақытта жүруіне жол берген ойын-сауық орнының әкімшілігі қатаң жауапқа тартылды, деп хабарлайды Astana TV.
Тәртіп сақшылары тексеру барысында аталмыш клубтың сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандарды ішке кіргізгенін анықтаған.
Құқықбұзушылық фактісі бойынша клуб иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен бұл мекеменің қызметі 3 ай мерзімге уақытша тоқтатылып, иесіне 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Полиция өкілдері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуы заңмен қатаң шектелгенін еске салып, кәсіпкерлерді заң талаптарын сақтауға шақырды. Мұндай талаптарды бұзу мекеменің жұмысын тоқтатуға дейінгі ауыр шараларға әкеп соғады.