Құрылтай алдағы үш жылға арналған бюджетті Президент тапсырмаларын орындауға байланысты қайта карады

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2026

Келер жылы елдегі бюджет шығысы 30 триллион 200 миллиард теңгеге жетеді. Яғни, тағы 262 млрд бөлінеді. Қосымша қаражаттың басым бөлігі ең төменгі жалақы мен емхана дәрігерлерінің айлығын өсіруге, шекарадағы өткізу пункттерін жаңғыртуға және Астанаға су құбырын тартуға жұмсалмақ. Енді ең төменгі еңбекақы 110 мың теңгеге дейін артады. Мұнын барлығына қаржы президент пен Үкімет резервтерінен алынады. Сондай-ақ мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуден қысқарған ақшадан бөлу көзделген. Құрылтай алдағы үш жылға арналған бюджетті Президент тапсырмаларын орындауға байланысты кайта карады. 

ОЛЬГА ПЕРЕПЕЧИНА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл мақсаттарға жыл сайын 135 миллиард теңге қажет. Оның 32 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен бөлінеді. Қосымша 20 миллиард теңге қарастырылған, тағы 12 миллиард теңге қаражатты қайта бөлу есебінен қамтамасыз етіледі. Ал қалған 103 миллиард теңге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландырылады.