Қазақстан 195 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатқан. Оның ішінде БҰҰ-ға мүше 192 ел бар. Сондай ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ және Түркі мемлекеттері ұйымы аясында да ынтымақтастықты дамытып келеді. Бұл – бір бағытпен шектелмей, әріптестермен өзара тиімді байланыс орнатуға негізделген саясат екені анық. Қазақстан халықаралық аренада тепе-теңдік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған көпвекторлы саясат ұстанады.
ДІНМҰХАММЕД ҒАЛИ ҚОЛДАНБАЛЫ ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мысалы 2025 жылы Қазақстанның жалпы тауар айналымын қарайтын болсақ, тауар айналымы 143 млрд доллар болған. Соған тиесілі экспорт 79 млрд болды. Импорт 60 тың көлемінде болды. Яғни бұл көрсеткіш Қазақстан тек қана бір мемлекеттермен байланысып жатқан жоқ. Ол әртүрлі мемлекеттердің байланысып, осындай жоғары сауда саттық көлеміне жеткенін көріп отырмыз.