Батыс Қазақстан облысында келер жылы 7 мектеп салынады

Батыс Қазақстан облысында келер жылы 7 мектеп салынады. Осылайша апатты білім ордаларының саны азайып, орын тапшылығы мәселесі біртіндеп шешімін таппақ.   Дегенмен өңірдегі урбандалу үрдісінің күшейгені соншалық, жыл сайын бала саны 2 мыңға өсіп отыр. Мысалы, он жыл бұрын Оралда 42 мың оқушы болса, бүгінде 70 мыңға жеткен. Келер жылы құрылысы басталатын жеті мектеп осы орын тапшылығын азайтады деген үміт бар. Сонымен қатар, аймақта бұдан бөлек оқушылар сарайы мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталық салу жоспарланған.  

ӘЛИЯ ҚАЙЫРЖАНОВА, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында біздің әлеуметтік нысандардың құрылымын жаңарту, білім сапасын арттыру, әрбір оқушыға қолайлы жағдайды ұйымдастыру, арттыру бағытындағы жұмыстарды қолға алу тапсырылған болатын. Өскелең ұрпақтың жақсы қолайлы ортада, жабдықталған мектептерде дәріс алуы бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды үрдіс деп есептейміз.