Астанада жол саласын дамытуға арналған халықаралық форум басталды

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2026

Астанада жол саласын дамытуға арналған ауқымды халықаралық форум басталды. Алаң көлік инфрақұрылымын жаңғыртудың ең соңғы үлгілерін көрсетуге мүмкіндік береді. Шет елдерден келген жетекші кәсіпорындар мен отандық мамандар өзара тәжірибе алмасуда. Көрмеге келушілер салаға қажетті инновациялық материалдар мен арнайы техникалардың мүмкіндіктерімен етене танысты. Сонымен қатар форумда автожолдардың сапасын арттыру және оларды күтіп ұстау мәселелері кеңінен талқыланды.

МЕЙІРХАН БЕКЕСОВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Қазіргі кезде 150-ден аса компания осы көрмеге қатысуда. Оның ішінде алдағы, озық, АҚШ, Европа; Қытай елдерінен,  Таяу Шығыс сияқты елдерден келіп жатқан көптен-көп, өздерінің елдерінде сынақтан өткен, озық технологияларын алып келіп жатыр осы жерге 

ХОУ ЦЯН - HENAN GAOYUAN HIGHWAY MAINTENANCE TECHNOLOGY CO., LTD. КОМПАНИЯСЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің компания 1998 жылы құрылған. Біз өзіміздің озық технологияларымызды, материалдарымызды, жабдықтарымыз бен тәжірибемізді бүкіл әлемдегі әріптестерімізбен бөлісуге әрқашан дайынбыз. Келешекте де шетелдік әріптестерімізбен ашық түрде жұмыс істеп, жолдарға қызмет көрсету технологияларын бірлесіп дамыта береміз деген сенімдеміз.