Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны сиырының жоғалғанын айтып, полицияға жүгінген, деп хабарлайды Astana TV.
Тәртіп сақшылары екі күн бойы малды іздеп, тіпті дрон мен қызметтік итті жұмылдырған.Алайда іздестіру барысында күтпеген жайт анықталды. Әйел сиырын әпкесіне қаржылай көмектесу үшін күйеуінің келісімінсіз 550 мың теңгеге сатып жіберген. Мұны жұбайынан жасыру мақсатында полицияға жалған хабар берген.
Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін ауыл тұрғыны жауапкершілікке тартылды.