Қазақстанда 593 мың қорап темекі мен 14 мыңға жуық вейп тәркіленді

Фото: ҰҚК

Заңсыз айналымға шығарылмақ болған тауарлардың алдын ала құны 510 миллион теңгеден асады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы темекі өнімдері мен электронды темекілерді заңсыз өткізу әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды Astana TV.

2026 жылдың қараша айында Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу пунктінде шекарашылар 593 мың қорап темекіні заңсыз алып өтпек болғандарды анықтады.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысындағы шекара учаскесінде 13 960 дана вейп тәркіленді.

Алдын ала есеп бойынша, заңсыз тасымалданған өнімдердің жалпы құны 510 миллион теңгеден асады.

Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.