Қазақстанда білім гранттарын қаржыландыру 7 жылда екі есеге артты — Мемлекет басшысы

Фото: Ақорда

Қазақстанда ғылымды қаржыландыру көлемі соңғы жылдары айтарлықтай артқан

Қазір бұл көрсеткіш 590 миллион долларға жетті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.

Мемлекет басшысының айтуынша, білімге негізделген экономика құру – елдің ұзақмерзімді конституциялық міндеттерінің бірі. Оны қазіргі және келешек Үкіметтер тиісті деңгейде орындауға тиіс.

Бүгінде Қазақстанда 132 университет бар. Онда 800 мыңнан астам студент білім алады.

Соңғы жеті жылда Үкімет білім беру гранттарына бөлген қаржының көлемі екі есе көбейіп, 3,4 миллиард долларға жетті. Сондай-ақ ұдайы артып келе жатқан сұранысты өтеу үшін елімізде 281 студент жатақханасы бой көтерді. Бұл шаруа алдағы уақытта да жалғасады, деді Президент.