Тоқаев: Біздің стратегиялық мақсатымыз – Қазақстанды Орталық Азияның академиялық хабына айналдыру

Фото: Ақорда

Қазақстан жоғары білім, ғылым және халықаралық академиялық ынтымақтастық саласындағы өңірлік орталыққа айналуды мақсат етіп отыр

Мемлекет басшысының айтуынша, қазақстандық жоғары оқу орындары халықаралық рейтингтерде де өз орнын нығайтып келеді. Биыл 18 университет QS World University Rankings тізіміне енген. Ал 2027 жылғы Times Higher Education рейтингіне еліміздің 10 жоғары оқу орны қосылған, деп хабарлайды Astana TV.

Сонымен қатар 2026 жылғы Жаһандық инновация индексінде Қазақстан аймақ елдері арасында жоғары көрсеткішке қол жеткізген.

- 2026 жылғы Жаһандық инновация индексінде Қазақстан аймақ елдері арасында ең жоғары көрсеткішпен көш бастап, орнықты өсім көрсетіп келеді. Алайда жаһандық бәсекелестік қызған кезеңде бізге арқаны кеңге салуға болмайды, деді президент. 

Қазақстан жоғары білімнің, ғылымның және халықаралық академиялық ынтымақтастықтың өңірлік орталығы ретіндегі позициясын дәйекті түрде нығайтуды көздейді.

Біздің стратегиялық мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру, жаһандық білім нарығының, әсіресе, өзекті әрі сапалы білім нарығының бір бөлігі болу. Ғылым мен білімде жаттандылыққа, формализмге жол беруге, сайып келгенде, өзіңді алдауға болмайды, деп түйіндеді Мемлекет басшысы.