Ақмола облысында жол апатынан алты адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам жарақат алған. Бір күнде 3 апат болған. Оның бірі «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» тасжолында, Ваз маркалы көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмған. Екіншісінде көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен, ол да қайтыс болды. Ал үшінші жол апатында темір тұлпар аударылып, екі жолаушы қаза тапқан. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Қазір үш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.