Қарағанды облысының Балқаш қаласында жалғызбасты әке екі бірдей жасөспірім қызына қорлық көрсеткендердің қатаң жазалануын сұрайды. Полиция әзірге 5 жігіт пен бір қызды ұстап қамаған. Алайда күдіктілер әлдеқайда көп дейді жәбірленуші тарап. 13 және 15 жастағы әпкелі- сіңлілі екі қыздың әкесі күдікті топтың жасөспірімдерді зорлап, кейін интимдік фото, видеожазбаларды жариялаймыз деп қорқытып, бопсалап, жезөекшелікке мәжбүрлегенін мәлімдеді. Жалғыз басты әкенің айтуынша, оқиға жазда маусым айында басталған. Сол кезде көшеде қыздармен өздерінен жасы үлкен бойжеткен танысып, оларды дәмханаға шақырып, түрлі ұсақ-түйек сыйлықтар бере бастаған. Кейін оларды өзінің таныстарымен араластырыпты. Алдымен өздері зорлап, кейін бопсалап , ұрып, қорқытып бейтаныс ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Қыздардың туыстары кінәлілерді қатаң жазалауды және қыздарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетуді сұрап отыр.
ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ТУЫСЫ:
Біздің екі қызымызға зорлық- зомбылық, қорлық жасалып адам айтқысыз жағдайлар жасалып, оны айтуға да аузымыз бармайды.Балқаш қаласындағы 3-4 қыздың ұйымдастыруымен болған жағдайлар. Қыздарымыздың айтуы бойынша 20 шақты бала осы іске ілініп отыр. Оның ішінде алтауы қазір қамауда. Бұларды басқарып зорлық- зомбылық жасаған, ұрған соққан. Бұлардың қолын темекімен күйдірген, қолдарынан тырнаған, бастарынан ұрып бастарын жарған. Бұның бәрі экспертизаға берілді. Дәлелденетін шығар деп отырмыз.
Полиция бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғаған. Күдіктілер ұсталды деп хабарлады.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ :
Алдын ала мәліметтер бойынша құқыққа қайшы әрекеттер әр түрлі уақытта, әр жерде жасалған. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысы Қарағанды облыстық полиция департаментінің бақылауында.