Оралда атышулы дәмхана ақыры жабылды

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2026

Оралда полицияны "шаршатқан" дәмхана ақыры жабылды. Мұнда тәртіп бұзушылықтың жиі болатыны соншалық, 70 рет полиция шақыртылған. Тіпті он қылмыс тіркеліпті. {КСМ} : Дәмхана таңғы сағат алтыға дейін жұмыс істейді. Яғни, басқалар ұйықтап жатқанда, мұнда "концерт" басталады. Мазасыз мекен берекесін қашырған полиция тиісті органдарға бірлесіп тексеру туралы ұсыныс жолдайды. Ақыры қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жүргізген тексеріс бірқатар заңбұзушылықты анықтаған.  Осыдан кейін кафенің қызметі тоқтатылды.  

АЛИМА ҒАРИФУЛЛИНА, БҚО ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, кафенің қызметі тоқтатылды. Орал қалалық полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.