Энергетикалық сусынның кесірінен ауруханаға ауыр жағдайда түсті

Қызылжарда ер адам энергетиктің кесірінен аурухананың жансақтау бөліміне түсті.  32 жастағы тұрғын ащы кеспе мен сусынды араластырып ішкен. Жағдайы күрт нашарлап, дәрігер көмегіне жүгініпті.   Ауруханаға ауыр жағдайда түскен науқасқа ауыр панкреатит  диагнозы қойылды.  Ол ұзақ ем алып, қалпына келген. 

 ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жалпы панкреатиттің асқынған түрі болған. Диета сақтамаған, газды сусын, энергетик ішу, осының барлығы ауруды асқындырып жіберген. Оған шұғыл түрде көмек көрсетпесе, адам өміріне қауіп төнуі мүмкін.