Балабақшада тәрбиеші бүлдіршінді ұрып жіберген. Оқиға баланың екі жасқа толуына арналған мерекелік бейнежазба кезінде түсіп қалыпты. Бұдан бөлек тәрбиеленушілерге дөрекілік танытып, айқайлағанын да байқауға болады. Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, топта 23 бала бар. Қазір жағдайды зерделеу үшін арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
ГҮЛСІМ ГИЛЬМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ ОҚУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Индер ауданы прокуратурасының әл желілерге жүргізген мониторинг барысында аталған балабақшаның Солнышко тобында тәрбиешіні кәмелетке толмаған тәрбиеленушіге күш қолдану фактісі анықталған. Аталған дерек процестік шешім қабылдау үшін Индер ауданының полиция бөліміне жолданған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән жайын анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.