Бала туу көрсеткіші төмендеп барады

Елде бала туу көрсеткіші төмендеді. Соңғы бес жылда бөбек сүйген жанұя саны айтарлықтай азайған.Бір жылдың өзінде дүние есігін ашқан сәби саны 22 мыңға қысқарды. Қазір Қазақстанда күніне орта есеппен 830 нәресте туылады. Екі жыл бұрын бұл көрсеткіш мыңнан асатын. Ұрпағын жалғастыруға асықпайтын отбасы неге көбейді? Аружан Задабектің материалын көріңіз. 

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Бұрын өмірдің қалыптасқан сценарийі бар еді. Алдымен оқуға түсу, одан әрі жұмысқа орналасу. Сосын үйлену, балалы болу.  Ал қазір мүлде басқа. Жастар жағдайын жақсартып алғанша мына бөлімді (жәшік көрсетемін) қарастырмайды. Бірі ата-ана болуды уақытша кейінге қалдырса, енді бірі оны өмірлік жоспарына мүлде енгізбейді.

 Сарапшылар баладан бас тарту үрдісі жалғаса берсе, алдағы онжылдықтарда Қазақстан демографиялық дағдарысқа тап болуы мүмкін дейді. Бұл жастардың жетіспеушілігі, халықтың қартаюы, экономикалық жүктеменің артуына алып келеді. 

ШЫНАР ТӨЛЕШОВА, ДЕМОГРАФ:

Қаланың өмірі өте қиын. Оның тіршілігі, үй алу, елмен бірге жақсы өмір сүруге тырсқаннан кейін бала кедергі ретінше, қосымша қаржыны талап ететін ресурс ретінде қарала бастайды. 

Психологтар туу көрсеткішінің төмендеуіне экономикалық фактор әсер етті деп санайды. Бала саны көп отбасылар күнкөріс деңгейінің төменгі шегінен асып, кедейлікке жиі тап болады дейді. Жастардың қорқатыны да – осы. 

ҰЛМЕКЕН СӘНДІБЕКҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:

Терминге қарайтын болса, чайлдфри – саналы түрде баладан бас тарту. Бұл көптеген факторға әсер етеді. Мысалы, жауапкершіліктің жоқтығы. Егер қарайтын болсақ, қаржылық жағынан, эмоциялық жағынан адамның баладан қауіптің күтуі. Мысалы, баланы қарау, оны қамтамасыз ету жағы адамдарға қиындық туғызуы мүмкін. 

Бірі саналы түрде балалы болудан бас тартса, енді бірі сәби иісін аңсап жүр. Елде құлыншағын құшағына басуды армандап жүргендер көп. 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында «бедеулік» диагнозымен 30 мыңға жуық әйел мен 100-ден астам ер есепке алынғанды. Ал қазір үш есе көп. Бұл да туу деңгейінің төмендеуіне әсер етеді.