Астанада дәрігерлер жүрегі оң жақта орналасқан әйелге күрделі операция жасады

Астанада дәрігерлер жүрегі оң жақта орналасқан әйелге күрделі операция жасады. Науқастың өзге де ішкі ағзалары туа біткен ерекшелікке байланысты әдеттегіден керісінше орналасқан. Кардиохирург мұндай жағдайды өз тәжірибесінде алғаш рет кездестірген. Күлжан Фазилованың жүрегі жүктілік кезінде сыр берген. Дәрігерлер жүктіліктің 30-аптасында кесарь тілігін жасаған. Ал босанғаннан кейін 40 күн өткен соң әйелге жүрек операциясы қажет болды. Мамандар тарылып қалған жүрек қақпақшасын биологиялық протезге алмастырды. Ағзалардың ерекше орналасуына байланысты отаға мұқият дайындық жүргізілген. Үш сағатқа созылған операция сәтті аяқталды. Қазір науқас ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

АЛЕКСЕЙ СМОЛЕНСКИЙ, №2 ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ХИРУРГИЯСЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл жағдайдың ерекшелігі - науқастың жүрегі мен барлық ішкі ағзаларының әдеттегіден өзгеше орналасуында. Бұл біздің кардиохирургтер тобы үшін үлкен сынақ болды. Дегенмен күрделі отаны сәтті жасадық. Науқасты жағдайы жақсарған соң ауруханадан шығардық. Енді ол тұрғылықты жері бойынша кардиологтің бақылауында болады